Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білімге кеткен млрдтар

c 09:07, 27/12/2019 c 698

0:00 / 0:00

Бүгін Парламент Сенаты "Педагог статусы" туралы заң жобасын қабылдады. Осыған орай 2024 жылға дейін  заңда қарастырылғандай педагогтарды қолдауға арналған шараларды іске асыруға  5,3 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сенаттың жалпы отырысында айтты. Келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы өседі, құқығы толық қорғалған нормалар енгізілді. Өзіне тиесілі емес жұмыстарға тартқандарға, мұғалімді балағаттағандарға айыппұл салынады. Ең бастысы артық жүктемеден құтылады. Осылайша  педагогтар үшін қуанышты жаңалық-тиісті заң қабылданды. Алайда, сенаторлар білім саласында тиімсіз реформалар жасалып, жұмсалған млрдтар далаға кетіп жатыр дейді.

«Педагог статусы» туралы заң жобасын май шаммен қараған сенаторлар мұғалімдердің мәртебесін көтеретірн заңды қабылдай отыра, білім саласындағы тиімсіз жұмыстарды тізіп шықты. Депутат Мұрат Бақтиярұлының айтуынша,  соңғы 25 жылда  отандық білім саласы реформалардан көз ашпай келеді.  Ғылыми тұрғыда зерттелмеген реформаларды енгізіп, мұғалім мен оқушының білім деңгейіне кері әсер етуде.  Үш тілділікке көшеміз деп, мұғалімдерді жаппай ағылшын тілін үйретуге 13 млн теңгеден астам қаржы бөлді. 2016 жылдан бері 22 250 мұғалім ағылшын тілін оқып шықты. Алайда, олардың тек 8 763-і ғана ағылшын тілінде сабақ береді, қалғаны не үшін оқығаны белгісіз. Сенатор жаңартылған білім бағдарламасы да бекер деп отыр.

Қазір Қазақстан балаларды орта біліммен қамтамасыз ету жағынан 148 елдің ішінен 18-ші орын алса, білімнің сапасы бойынша 84-ші орында . Енді сапалы білім болуы үшін сапалы педагог дайындау мәселесі тұр. Ол үшін педагогтардың мәртебесін арттыру қажет. Жыл бойы талқыланып келген тиісті заң жобасы бүгін қабылданды. Заң жобасында  мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда еке есеге арттыру, құқығын қорғау, материалдық ынталандыру нормалары қарастырылған. Ең бастысы мұғалім артық жүктемеден босатылады.

Сондай-ақ,  ұстаздардың абыройына нұқсан келтіргендер жауапқа тартылады.

Сенат қабылдаған «Педагог статусы» туралы заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді. 2024 жылға дейін  заңда қарасытырлған нормаларды  іске асыру үшін қазынадан  5,3 триллион теңге бөлінген.  Ендігі жаңа жылдан бастап, педагогтардың жалақысы 25 пайызға өседі. Сонымен қатар  лауазымдық жалақы да 10 АЕК артады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.