Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ

c 08:08, 30/12/2021 c 2685

0:00 / 0:00

Қазақстанда ресейлік жоғарғы оқу орындарының жаңа филиалдары ашылуы мүмкін. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінде сөз болды. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында ТМД елдері басшыларының дәстүрлі биресми кездесуі өткен еді.
Бүгінде Ресейге барып жоғары білім алып жатқан қазақстандық жастар өте көп. Әсіресе шекаралас отырған өңірлердің жастары көрші Ресейдің оқу орындарын таңдап жатады. Осылайша білімді, дарынды жастар кетіп жатыр. Көбісі, университеттен соң, Ресейде қалып, жұмыс істегенді жөн санайды. Бүгінде Ресей Федерациясында 70 мың қазақстандық азамат білім алуда. Яғни қазақстандық студенттердің 14 пайызы көрші елдің жоғарғы оқу орындарын таңдап отыр. Жастар Қазақстанда оқу ақысы қымбат және білім беру сапасы төмен деп санайды. Енді, қазақстандық жастарды елде ұстап қалу үшін, ресейлік жоғарғы оқу орындарының филиалдарын ашу көзделуде.

Қазіргі талапкерлер ресейлік оқу орындарына түскеннен кейін, Ресейде оқыған түлектердің мәртебесін алады. Қазақстан жағы жастардың алған білімін өзге елде емес, өз елінде қолданғанын жөн санайды. Елге оралып, экономиканың дамуына үлес қосса деген үміт бар. Бүгінде Қазақстанда ресейлік жоғарғы оқу орындарының алты филиалы жұмыс істеп жатыр. Енді президенттер келісімі жүзеге асса, оның саны тағы да артуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.