Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бекіре тұқымдас шабақтарды суға жіберді

c 18:05, 18/09/2020 c 680

0:00 / 0:00

Орал қаласында алғаш рет бекіре тұқымдас 550 мың шабақ Жайық өзеніне жіберілді. Сала мамандары бекіре тұқымдас балықтарды арнайы зертханада өсіріп отыр. Экологтар шабақтардың ең болмаса 10 пайызы табиғи ортаға бейімделіп, өзен суында жүзіп жүрсе, біздің мақсатымыздың орындалғаны,-дейді.

БҚО-да бірінші рет Орал-Каспий бассейіне бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жіберген болатын. Бұл жұмыстардың баршасы 1-ші қыркүйекте басталды. Сала мамандары балықтың төрт түрін арнайы зертханада баптап, өсірген.

Шабақтардың қорытпа, пілмай мен сүйрік және орыс бекіресі сияқты 4 түрі суға жіберілді. Шабақтар екі айдың ішінде Каспий теңізіне жетеді. Мамандар осы 550 мың дана балықтың он пайызы табиғи ортада аман қалса, мақсат орындалғаны,- дейді.

Экологтар қазіргі Жайықтың жағдайына байланысты бекіре тұқымдас балықтарды табиғи жағдайда өсіру мүмкін емес дейді. Осындай зертханада өсірілген шабақтарды табиғи ортаға жіберу арқылы көзі жойылып кете жаздаған балықтардың түрін толықтырып отыру керектігін айтады. Бұл жобаны жасауға Ақтаулық компания тапсырыс берген. Олар Каспий теңізінде ұңғыма жұмыстарын орындапты. Табиғатқа келтірілген залалды осылайша өтемек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.