Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бекетте арнайы жаттығу өткізілді

c 17:07, 29/10/2020 c 541

0:00 / 0:00

Түстен кейін Жәңгір хан даңғылында орналасқан жанар-жағар май бекетінде бензин таситын көлік өртеніп кетті. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне осындай хабар келіп түседі. Төтеншеліктер жедел жолға шығып, өрт сөндірушілер мен жанар май бекеті басшылығының бірлескен әрекетінің арқасында тілсіз жау уақытылы ауыздықталды. Бұл оқу-аттығу жұмыстарының көрінісі. Өрт сөндіру қызметі мамандарының айтуынша, қауіптілігі жоғары мұндай нысандардың жауапкершілігі де жоғары болу керек.
Жалынның ұшқыны байқалған бойда бекеттегі энергетик аумақты түгелдей тоқ көзінен ажыратады. Бұл өрт кезінде жасалатын маңызды әрекеттердің бірі. Ал өз кезегінде өрт шыққан көлік әп-сәтте көбікке көміліп, сөндірілді. Осы мақсатта көбік шашатын және жақын нысандарды салқындататын құрылғылар әкелінген болатын. Бұндай жаттығулар бекеттегі адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіре отырып, жағдайды бағамдау дағдысын қалыптастыруға, бекеттегі қызметкерлер мен төтеншеліктер арасындағы әрекет ету нормасын нығайтуға септігін тигізеді.
Жалпы өңірде жыл басынан бері жанар-жағармай май құю станциясында өрт оқиғасы тіркелмепті. Аталмыш жаттыуғаларды басқа да бекеттерде айына бір рет өткізу жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.