Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батыс Қазақстан – «қызыл» аймақта

c 17:01, 21/01/2021 c 386

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 21 қаңтарға өңірлердің эпидемиологиялық жағдайы бойынша матрицалық бағалауды жариялады. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Алматы облыстары. Қалғандары «Жасыл» аймақта. Айта кетейік, 19 қаңтар күні БҚО әкімдігінде өткен өңірлік жедел штаб отырысында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев облыс «қызыл» аймаққа енген жағдайда, шектеу шараларын  күшейту туралы жаңа қаулы шығарылатынын хабарлаған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.