Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспананы басқару

c 16:50, 14/01/2021 c 651

0:00 / 0:00

2021 жылдан бастап көпқабатты үйлерге қызмет жасайтын пәтер иелері кооперативі қызметін тоқтатып, оның жұмысын меншік иелері бірлестігі алмастырмақ. Бұл жаңашылдық тұрғын үй туралы заңнамаға өзгерістер енгеннен кейін қолға алынды. Жаңашылдықтарға сәйкес енді тұрғындар баспанасы үшін өздері жауап беріп, ашылған ортақ шотқа ақы салып отырады.

Биылдан бастап пәтер иелері кооперативі өкілдері жұмыстарын біртіндеп тоқтады. Ертеректе тұрғын үй туралы заңнамаға енгізілген өзгерістердің әсерінен 2021 жылдан бастап ПИК-ін меншік иелері бірлестігі алмастырады. Енді тұрғындар баспанасы үшін жауапкершілік алып, бір шотқа коммуналдық төлемдерін төлеп, жоқ-жітігін түгендей алады.

Заңнама бойынша ПИК өкілдері 1-қаңтардан бастап толыққанды қызметін тоқтатып, тарқап немесе басқа сервистік компания ретінде жұмысын жалғастыруы керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясының кесірінен бұл жұмыс біраз тоқтап қалды. Мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырғанын айтады.

"Жаңашылдықтың арқасында тұрғындар төлемдерді өздері басқарып, баспаналары үшін жауапкершілік алады. Осы жауапкершіліікке келгенде тұрғындардың көбі енжарлық танытуда",- дейді ПИК ассоциасының төрағасы. Десек те, тұрғындар заңнамада көрсетілген 2 жолмен үйлерін басқаруы керек. Бірі төрағаны сайлап, ол заңды тұлға ретінде әділет министрлігінде тіркеліп, қасына есепшіні жұмысқа алып, төлемдер мен түсімдер туралы ай сайын есеп беруі керек. Ал екінші жолы төраға жеке тұлға ретінде 100 пайыз тұрғындардың сенімхаты негізінде жұмыс жасайды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.