Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бас санитардың жаңа қаулысы

c 18:04, 08/12/2020 c 389

0:00 / 0:00

БҚО-да демалыс және мереке күндері сауда үйлері мен базарлардың жұмыс жасауына рұқсат берілді. Жаңа қаулы 9 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Естеріңізге сала кетеміз, кәсіпкерлер жексенбі және демалыс күндері сауда үйлерінің жұмысын жандандыруды өтініп, бірнеше мәрте шектеуге наразылық танытқан болатын.Енді жексенбі және мереке күндері де барлық сауда үйлері, жабық базарлар ашық болады. Сондай-ақ осы күндері қоғамдық көліктер де жүреді. Бұрын сағат 23.00-ден бастап таңғы 06.00-ге дейін қозғалысқа шектеу қойылған болатын. Енді бұл уақыт сағат 00.00-ден 06.00-ға дейін болып өзгерді. Сонымен қатар барлық бағыттағы тамақтану орындарына арақашықтықты сақтай отырып, 50 адамға дейін қабылдауға рұқсат берілді.Бұған дейін демалыста сауда орындарының жұмысын жандандыруға бірнеше мәрте рұқсат сұраған кәсіпкерлер жаңа қаулының шыққанына дән риза. Олардың айтуынша сенбі мен жексенбіде және мереке күндерінде ғана сауда жүріп, жұмыс жанданатын көрінеді. Мәселен, "Московский" жабық базарында бүгінде 700-ге жуық адам еңбек етеді. Базар әкімгері наурыз айынан бері жұмыс орындарын сақтап қалу үшін сауда бутиктерін жалға алушыларға барлық жағдайды жасағандарын айтады.Дегенмен ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, жаппай жаңа жылдық іс-шаралар (соның ішінде ертеңгіліктер, корпоративтер), сондай-ақ үйде және адамдар көп жиналатын жерлерде отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге тыйым салынады. Басқа да шектеу шаралары өз күшінде қалады. Кинотеатрлар жұмысын бастау бойынша мәселе алдағы аптада облыстық штаб отырысында қаралмақ.Қазіргі таңда өңірде ауырғандар саны 8304-ке жетсе, соның 7422-сі жазылып шықты. 137 адам індеттен көз жұмды. Пневмонияға шалдыққан 110 адам стационарда, 60-ы амбулаторлық ем алуда. Пневмониядан 239 адам қайтты. Күні бүгін өкпені жасанды желдету аппаратына 3, оттегі концентраторына 8 адам қосылған. Жеті жұқпалы аурулар стационарында 135, төрт карантиндік стационарда 70 адам емделуде. 10 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.