Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балықшылардың суға кетуі жиіледі

c 18:03, 10/11/2020 c 491

Балықшылардың суға кетуі жиіледі. Тағы да бір балықшы Алғабас ауылында құтқарылды. Қармақ салуға құмартқан азамат дауылды ауа райында жүзу құралдарымен балық аулауға барған. Тексерілмеген, ақаулы қайықты қолданудың арты көлдің қақ ортасында қалып қоюға себепші болыпты. Келеңсіз жағдай Алғабас ауылынан 30 шақырымда орналасқан Кировское су қоймасында орын алған. 9 қараша күні таңғы сағат 7-ер шамасында БҚО-ның ТЖД-не түнде қайықпен шығып оралмаған балықшы туралы ақпарат келіп түскен. Құтқарушылардың күшімен сағат 13:05-те қамыстардың арасынан балықшы құтқарылып, көмек көрсетілді.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлеметі бойынша 2020 жылы Батыс Қазақстан облысының аумағында 3 балықшы суға батып, 6 адам құтқарылған. Дәл осындай жағдай 7 қараша күні Теректі ауданында орын алды. Ол кезде төтеншеліктер 2 балықшының өмірін сақтап қалған болатын

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.