Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балық шаруашылығы мәселелері

c 14:01, 19/10/2021 c 1101

0:00 / 0:00

Университет қабырғасында «AGROTECH HUB» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Тұйық сумен жабдықтау қондырғысында бекіре балықтарын және тоғандарда тұқы балықтарын өсіру технологиясы» тақырыбында семинар оздырылды. Жиын барысында балықтардың түрлері мен биологиялық ерекшеліктері, далалық жағдайда уылдырықты инкубациялауды ұйымдастыру, бекіре балықтарының азығына қойылатын талаптар сияқты мәселелер көтерілді. Семинарға қатысушылар өздерінің көкейіндегі сауалдарын сала мамандарына жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Семинар аясында қатысушылар балық өсірумен айналысатын бірнеше серіктестікке аяқтай барды. Оған қоса білім ордасының ғимаратында қолға алынған тұйық су айдынында бекіре тұқымдас балықтарды өсіру технологиясымен танысты. Елордадан арнайы келген Гүлжан ханым семинардан алған дағдылар мен озық тәжірибені әріптестеріммен бөлісемін дейді. Өзі қызмет атқаратын оқу орнында да бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен айналысады екен.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.