Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар лагері жұмысын бастады

c 17:43, 15/06/2021 c 765

0:00 / 0:00

Оралда "Атамекен" жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Биыл 1-ші ауысымға қала мектептерінен аз қамтылған, жетім немесе қамқорлыққа алынған, сонымен қатар оқу озаттары мен дарынды деген 70 бала қабылданған. Жалпы жаз бойы бұл жерде 500-ге жуық бала демалысын қызықты өткізеді деп жоспарланып отыр. Жазғы лагерьдің биылғы бағдарламасы 6 бағытты қамтиды. Жоспар бойынша өткізілетін іс-шаралар балалардың бойындағы қабілеттерін анықтап дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Әр ауысым 10 күнге жоспарланған. Ауысымда демалуға келген балаларға лагерь тәрбиешілері арнайы бағдарламалар дайындап қойыпты.
Футбол мен волейболдан бөлек түрлі танымдық шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, мұражайларға саяхат, туристік ойындар, командалық, спорттық жарыстар. Оған қоса Шаған өзеніне қайықпен серуендеу, жасанды тауға өрмелеу, спорттық бағдарлау жарысы, би кештері ұйымдастырылады. Бастысы 10 күн ішінде бүлдіршіндер күрке құруды, туристік құрал-жабдықтарды пайдалануды үйренеді.
Жазғы сауықтыру лагеріндегі барлық шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. 1 ауысымда 20-дан аса қызметкер жұмыс жасайды. Ал екінші ауысым 23 маусымда басталады деп жоспарланып отыр. Ол кезде 100-ге жуық бүлдіршін демалыспен қамтылады деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.