Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала өліміне не себеп?

c 18:02, 09/12/2019 c 944

0:00 / 0:00

Айналдырған бір айға толмайтын уақытта БҚО -да 3 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Оның екеуі ер бала болса үшіншісі жасөспірім қыз бала.. Аталмыш жағдайларға байланысты бүгінде барлық мектеп оқушыларының әлеуметтік парақшалардағы аккаунттары тексеруге алынуда.БҚО Жаңақала ауданында екі мектеп оқушысы асылып қалған. Оқиға қарашаның 13-іне ауған түні болған. 11 сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы қорадан асылулы күйінде табылған. Аудандық білім бөліміндегілердің мәліметінше, жасөспірім Жаңақала аулындағы Жүнісов атындағы мектептің 11-сыныбында оқыған. «Жасөспірім түнде өз үйінің ауласындағы қорада асылып қалған. Әкесі түнгі ауысымнан келіп, малға жем беру үшін қораға кіргенде, баласының денесін көрген. Бұл кезде анасы Оралда емделіп жатқан. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Жақсы отбасыдан шыққан. Ата-анасының 5 баласы бар. Сол күні үйінде де, мектепте де ешқандай жанжал болмаған», - дейді білім бөліміндегілер.Ал екінші қайғылы жағдай аталған аудандағы Айдархан ауылында болды. Оқиға 2 желтоқсан күні тіркелген. Айдархан жалпы орта білім беретін мектептің 11-сыныбында оқитын жасөспірім өз үйінің ауласында өзіне-өзі қол жұмсапты. «Оқушы толық отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде». Марқұм соңына ешкімді кінәламау керектігін айтып, хат қалдырған.Осы орайда аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Қонысбайұлы қазіргі таңда мектеп оқушаларының қалта телефондары бақылауға алынғанын және мектеп психологтары білім алушылармен үздіксіз жұмыстанып жатқанын тілге тиек етті. Ал марқұм болған оқушылар ҰБТ дайындалып жүріпті. Осы орайда білім басқармасы жанынан құрылған комиссия қос мектеп директорларына қатысты бір шешім шығаратын болады. Ал үшінші қайғылы жағдай Сырым ауданы Бұлдырты ауылында тіркеліп отыр. Өрімдей жасөспірімдердің өз өмірінен бас тартуына кім кінәлі? бас аяғы 20 күннің ішінде 3 бірдей баланың өзіне қол жұмсауы нені білдіреді.БҚО білім басқармасының басшылығы қандай шешім шығарады.Бұл оқиғаға жол бергендер орындарынна кете ме. Сұрақ көп. Ал жауабы белгісіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.