Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БАЙЛАР ДА ЖЫЛАЙДЫ»

c 17:49, 21/09/2022 c 1589

0:00 / 0:00

Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі деген сұраққа Үкімет басшысының орынбасары Ерұлан Жамаубаев жауап берді. Вице-премьердің айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне сән-салтанат салығы енгізіледі. Нұсқаулық әзірленіп жатыр. 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске ұсынбақ. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде сән-салтанат салығын енгізуді ұсынғанды. Алайда Үкімет бай-бағландардың қалтасын қағуға асығар емес. Бізде қосымша құн салығы тапқан табысыңа қарай салынады. Яғни табысың көп болса, көп төлейсің. Бәрі бірдей 10 пайыз көлемінде қосымша құн салығын төлейді. Халықтың табысын бақылау үшін жалпылай декларация тапсырудан бастау керек дейді экономистер. Егер декларация тапсырған адамның табысы бір миллион теңгені құраса және оның қымбат көлігі болса, сұрақ туындайтыны сөзсіз. Жалпылай декларация тапсыруды ұсынып отырған қаржы министрі өз табысын жариялауға дайын ба? Алайда тілшілердің бұл сұрағы бас қаржыгерге ұнамай қалды.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Түсінесіз бе, менің декларациямды жариялауымды ғана күтіп жүрген, басқа шаруасы жоқ адам болса, ол оның прблемасы»

Көптеген елдерде сән-салатантқа салынатын салықты көлік салығы деп атайды. Әу баста ол салық қымбат көліктерге салынғанды. Қазақстанда да жағдай солай. Байлыққа салынып жатқан салық жоқ, бірақ көлік салығы бар. Қозғалтқыш көлемі қаншалықты көп болса, салығы да соншалықты қалтаны қағады. Депутаттар сән-салтанатқа салынатын салық көлемін әбден зерттеу керек деп отыр.

Көлік салығынан басқа, үй салығы енгізілмек. Пәтердің аумағы 300 шаршы метрден асса, сондай-ақ, зәулім үйде тұрса оған сән-салтанат салығы салынады. Сарапшылар мұндай салық түрі енгізілсе, байлар шетелде ақшасын тығып ұстауға көшетін болады. Бұл елдің инвестициялық климатына кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті сыртқа шығарылған капиталы үшін де қомақты салық төлеуі керек дейді сарапшылар. Мұндай жағдайда қалталы азаматтар сыртқа көп ақша шығара алмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.