Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне спартакиада ұйымдастырылды

c 19:51, 29/06/2018 c 874

0:00 / 0:00

100-ден астам адам қатысқан жарыс табиғат аясында өткізіліп, БАҚ өкілдерінің спорттан және командалық жұмыстан шеберліктері сынға түсті. Тілшілер мен бейнеоператорлар, техникалық қызметкерлер арасында волейбол, футбол, шахмат, дойбы, арқан тартыс, үстел теннисі ойындары ойнатылды.

"Арқалағаны алтын, жегені жантақ болған" тілшілер қауымының жұмысы асқан жауапкершілікті талап етеді. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл қызмет иелері жұмыс күнімен тұспа-тұс келуіне қарамастан биылғы мерекеде жұмыстан аз да болса қол үзіп, сауықтыру кешені базасында ұйымдастырылған спорттық шарада бас қосты. Биылғы мерекелік шара жылдағыдан ерекше өтті деуге негіз бар.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ішкі саясат басқармасының бірлесуімен ұйымдастырылған спартакиада волейбол, футбол, дойбы, шахмат, үстел теннисі, арқан тартыс сынды спорттың 6 түрі бойынша өтті. Спартакиадаға барлығы 6 команда қатысып, жеңіске деген құштарлықпен бар өнерлерін ортаға салды.

Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін әріптестеріміз физикалық тұрғыдан да епті, ширақ келеді. Спартакиада барасында олар спорттық шеберліктен де кенде еместерін дәлелдеді. Волейбол мен футболдан болған кездесулерде ТДК 42 телеарнасы үздіктер қатарынан көрініп, бірнеше команданы шаң қаптырды. Осылайша екі аталмыш спорт түрінен жеңісті 2ші орынан көрінді.

Спартакиадаға барлығы 6 команда қатысты. Тілшілер қауымының төртінші билік өкілдері деп аталуы тегін емес. Қоғамдағы қай салада болмасын атқарылып жатырған жұмыспен етене таныс, билік пен бұқара арасын жалғаушы алтын көпір болып жүрген тілшілердің жеткізер әр ақпаратының рөлі зор.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.