Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Б. Каюпов: " Сыйлықты пара деп ойламадым..."

c 17:40, 26/01/2021 c 388

«Тарта жесе тай қалар, қорқа жесе қой қалар»,- демекші мемлекет қаржысын талан-таржыға салды деген күдікке іліккен Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының экс басшысы Болатбек Каюповтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. ҚР ҚК 336-бабына сәйкес айыпталған Б.Каюповтың ісі Орал қалалық сотында қаралды. Ол 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан медициналық жабдықтарды жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-мен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алды деген күдікке іліккен болатын. Сот отырысында Каюпов өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның айтуынша, әріптестері оның туған күніне ақшалай тарту жасаған және ол оны пара алу деп санамайды. Қуанышты күнінде масаң болуы себепті ақша салған конвертті сыйлық деп қабылдапты-мыс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.