Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ажырасу-қоғам дерті

c 15:33, 16/05/2019 c 983

0:00 / 0:00

2018 жылы Орал қаласында 3374 жұп некеге тұрып, дәл сол жылы, 1262 отбасы ажырасып кеткен. Биылғы көрсеткіш де көңілді көншітпей отыр. Жыл өткен сайын шаңырағы ойран болған жанұялардың саны артып келеді. Мәселен, жыл басталғалы 428 жұп ажырасу туралы өтініш беріп, екі жаққа кеткен. Қалалық әкімдікте өткен жиында қоғамның індетіне айналған ажырасу проблемасы талқыланған еді. Екі жас неліктен құрған шаңырақтарынан бас тартып, шағын мемлекеттің гүлденуіне қандай жағдай кедергі келтіруде?

Қазіргі таңда жаңадан отау құрған жандардың тез ажырасуына таңғалудан қалдық. Жыл сайын бұл статистика жаңарып, неке қиған жұптардың санымен теңесіп келе жатыр. Мәселен, өткен жылы шаһарымызда 3374 жұп некесін қиса, 1262 отбасының шаңырағы шайқалыпты. Яғни, ажырасу дерегі 67,2 пайызды құрайды. Сала мамандары бұқара халық алдында ажырасудың себеп салдарын анықтамақ ниетте арнайы сауалнама жүргізіпті. тұрмыстағы зомбылық, жұмыссыздық, есірткі мен ішімдік, бірін-бірі ұнатпауы, өмірге деген көзқарастарының түрлі болуы мен материалдық жағдайдың ақсап тұрғандығы екі жастың екіге айырылуына себепші болып отыр. Қалалық әкімдікте өткен жиында шаһар басшысының орынбасары қиын жағдайға тап болған отбасыларға мемлекет тарапынан бөлек қандай көмек көрсетіліп жатқандығын жіпке тізді.

Жиында сөз алған жандар шаңырағы шайқалмай отбасын құруы үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып беруге кеңес берді. Мәселен, ювеналды соттың төрайымы Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданына "Отбасы-LIVE" атты жобаның іске асып жатқандығын айтып берді. Ал, облысттық соттың төрағасы неке қиюға келген жастарға арналған бір апталық семинар жүргізу керек деген пікірін ортаға салды.

Отбасы-шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің, тағдырдың түрлі сынына төтеп беруіне көмектесу, жастарға бағыт-бағдар беру мен оларды отбасылық өмірге дайындау бүгінгі күннің еншісінде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.