Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылдықтардың қуанышы

c 17:42, 15/09/2020 c 384

0:00 / 0:00

БҚО-да елдімекендерге таза ауыз су тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Биылғы жылдың аяғына дейін халықты тіршілік көзімен қамту көрсеткіші 88 пайызға жетеді деген болжам бар. Елдімекендерге су тарту жұмыстары үшін бюджеттен 5,8 млрд теңге қаржы бөлінген. Ал былтыр бұл салаға 4,6 млрд ақша жұмсалыпты. Халықты ауыз сумен қамту үлкен іс. Әсіресе шалғай ауылдағы ағайынның таза суға қолы жетіп, көзайым болып жатады. Сондай ауылдардың бірі-Сырым ауданының Жетікөл ауылы. Ауылға ауыз су барғалы тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Таза ауыз судың тапшылығын көп көрген ауылдардың бірі- осы Сырым ауданының Жетікөл ауылы. Ауылда ауыз судың жоқтығы тұрғындарды әбден титықтатып жіберген кездер болған. Аудан орталығынан су таситын көлікті күткен кездер енді артта қалды. Жетікөл ауылына су тарту жұмыстары 2019 жылы басталды. Биыл сол жұмыстар жалғасып, ауыл тұрғындарына таза ауыз су берілді.
Жетікөл ауылы негізінен мал шаруашылығымен айналысатын ауылдардың бірі. 200 - дің үстінде үй бар. 1000-ның үстінде халық тұрады. Ауылға көгілдір отын 2015-2016 жылдары тартылып, халықтың көп бөлігі газға қосылған. Ауылдың мектебі де екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген еді. Тұрғындардың жалғыз мұңы сол-таза ауыз судың жыры еді. Былтыр аулаға су тарту құрылысы басталып, биыл жетікөлдіктер қызығын көріп отыр. Таза су тарту жұмыстары әр көшеге жүргізілген. Қазір әр көшеде су ағар бар. Оны осы орталықтан басқарады. Ауылға келген таза ауыз су үшін адамдар дән риза. Бар қиындық артта қалды,- дейді зейнеткерлер.
БҚО да биыл елдімекендерді таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 88 пайызға жетеді деген жоспар бар. Осы бағытта елдімекендерге таза ауыз су тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2019 жылы ауылдарға ауыз су тарту жұмыстары үшін 4,6 млрд қаржы бөлініпті. Ол қаржығы 40 елдімекенге таза ауыз су тарту үшін құрылыс жұмыстары жүрген. Жыл соңында 22 елдімекенге су тартылған. Ал 2020 жылы 5,8 млрд қаржы ауылдарға таза су тартуға бағытталып отыр. Бұл қаржыға 25 елдімекен суға қосылады деп жоспарланған. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында 7 елдімекенге тарту жұмыстары жүріп жатыр. Егер осы жұмыстар сәтті аяқталса, 2020 жылдың аяғында БҚО халқы 88 пайызға таза ауыз сумен қамтылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.