Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аурудың алдын-алу

c 17:32, 07/09/2020 c 466

0:00 / 0:00

Биыл тұмауға қарсы екпе әдеттегіден екі апта бұрын басталады. Осылайша адамдардың маусымдық ауруға иммунитет қалыптастырып үлгеруіне мүмкіндік беріледі. Биыл өңір халқының 15 пайызына екпе жасалады деп жоспарланып отыр.Тұмауға қарсы екпе биыл 15 қыркүйекте басталады. Әдетте жаппай вакцинацияға қазанның орта кезінде қам жасалатын. Мысалы, өткен жылы 20 қазанда басталды. Вакцина саны бойынша айтарлықтай ерекшелік жоқ. Тек қана коровирус инфекцияна байланысты биыл облыс халқының 15 пайызын екпемен қамту жоспарланып отыр. Мәселен 2019-2020жж. эпидемиялық маусымында барлығы 70 105 адам тұмауға қарсы (жалпы халықтың 10,6%) вакцина алған. Соның ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 64 790 адам егілген. Биылғы жылы  67 мың  ресейлік «Гриполл»  препараты сатып алынған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұл жолы қосымша тағы 40 мың доза алынған.Тұмау - барлық жастағы ересектер мен балаларды зақымдайтын, ауыр вирусты жұқпалы ауру. Тұмау эпидемиясы жыл сайын, әсіресе жылдың салқын уақытында бой көтеріп отырады. Ал ақ халатты абзал жандар болса  алдымен имунитеті төмен топтағы адамдарға екпе салынады дейді. – Алғашқы кезекте: медициналық қызметкерлер, өкпе қан тамырларымен ауратын науқастар және имундық жетіспеушілігі бар балалар егілмек. Соның ішінде балалар үйі мен қарттар үйіндегілерге вакцина алдымен жасалатын болады,– дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Абдрахманова. Бүгінде  санитарлар барлық емхана қызметкерлерін жинап, осы дерттің алдын алу шараларын жасау жөнініде шараларды ұйымдастыруда. Аурудың алдын алу қарапайым әдістермен де жүзеге аспақ, түшкірген немесе жөтелген жағдайда аузыңыз бен мұрныңызды қол орамалмен жабыңыз. Қолыңызды жиі сабындап жуып тұрыңыз. Науқас адамдармен қарым - қатынаста болуды шектеңіз. Арнайы вакцина алдағы эпидемиологиялық мерзімде  ауа-райына байланысты қозуға қабілетті вирустарға  қарсы тұра алады.Екпе егу-тұмаудан қорғанудың ең тиімді түрі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.