Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауру дендеп барады

c 16:49, 19/02/2021 c 336

0:00 / 0:00

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі көбейіп барады. Әсіресе мектеп жасындағылар арасында белең алып тұр. Облыста 1 қаңтар мен 18 ақпан аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 3 191 жағдай тіркелген, оның ішінде 2 049 жағдайда ауру белгілері бар болса, 1 142 жағдайда ауру белгілері жоқ. «Облыста оқу жылы басталғаннан бері мектепте дәстүрлі түрде оқитын 212, қашықтан білім алатын 209, барлығы 421 оқушыдан ковид табылды. Үшінші тоқсанда 11 қаңтардан бастап 207 оқушы (114-і дәстүрлі түрде, 93-і қашықтан білім алады) коронавирус жұқтырды. 12-18 ақпан аралығында қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 4 мектеп карантинге жабылған. Коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру.  Алғашқы кезеңде медицина мамандары екпе алды.  Жасыратын жоқ олар біршама жүрексінген. Абырой болғанда вакцина салдырғандардың барлығының денсаулық жағдайы жақсы. 21-ші ақпанда өңірге тағы да вакцинаның кезекті партиясы әкелетін болады. Батыс Қазақстан облысында карантиндік талаптарды бұзғандарға 1 ақпаннан бастап 5 млн астам теңге айыппұл салынған. Мониторингтік топ жұмысы жалғаса береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.