Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"АТАМЕКЕНДЕ БІР КҮН" АКЦИЯСЫ

c 17:50, 26/08/2021 c 582

0:00 / 0:00

Қалалық білім беру бөлімі бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара аясында 15 бүлдіршін бір күнін "Атамекен" жазғы сауықтыру лагерінде өткізді. Мұндай шара республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Лагерь қызметкерлері балаларға арнап түрлі қызықты іс-шаралар тізбегін дайындап қойған.

Шараға аз қамтылған, көп балалы жанұядан шыққан бүлдіршіндер қатысты. Басты мақсат - оқушылардың орта біліммен толық қамтылуына қолайлы жағдай жасау және бос уақыттарын тиімді өткізу. Акция барысында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы, Атамекен сауықтыру лагерінде жаз маусымы басталғалы 800-ге жуық бала демалыспен қамтылған. Ал бүгінгі шара арқылы бүлдіршіндер бір күнін естен кетпестей жақсы әсермен өткізді.

"Атамекенде бір күн" шарасы барысында 15 балаға мектеп құралдары салынған сөмке мен тәттілер таратылды. Жалпы, республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында қала бойынша 3500-ға жуық балаға түрлі көмек көрсетілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.