Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ат спорты кешені ашылды

c 16:42, 26/04/2021 c 570

Бүгін "Орал спорт" клубының ат спорты түрлері бойынша бөлімі ашылды. Қаланың шеткі ауданында жұмысын бастаған этнокешен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық құндықты ұлықтау мақсатанда іске қосылып отыр.Орал қаласында жасөспірімдерді ат спортына баулу мақсатында ашылған кешен жылқы десе делебесі қозатын жастарды барынша қолдау үшін жұмысын бастап отыр. Өйткені қала сыртында ат спортынан өзге де ұлттық ойындарды меңгеруге арналған мұндай кешен болмаған. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов болашақта осындай нысандар қатары артатын болады деді.
Бөлімде ұлттық спорттың 4 түрінен жаттығу жұмыстары жүргізіледі: аударыспақ, көкпар, жамбы ату, теңге ілу. Үйірмеге 9-16 жас аралығындары ұл-қыздар қабылданады. Аталмыш үйірмеде 100 жасөспірімге жаттығуға мүмкіндік жасалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.