Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ашық әкімдік

c 17:16, 14/02/2020 c 415

0:00 / 0:00

Бүгін Оралдағы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы ғимаратында дәстүрлі қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүзеге асуда. Шара барысында облыс әкім Ғали Есқалиев және қала басшылығы, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, құқық қорғау құрылымдары мен коммуналық қызмет жетекшілері жеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдады.Қоғамдық қабылдау - тұрғындардың көкейкесті мәселелерінің шешімін жедел, әрі тиімді жолмен шешуге бағытталған шара. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің сөзінше, жер мәселесіне қатысты сұрақ көп түскен. Кәсіп ашуға қатысты да ұсыныс айтып, кеңес сұрағандар бар.Тұрғындарға толғандырған түйіткілдері бойынша сала мамандары кеңес берілді. Мысалы ауыл шаруашылығына тиесілі жер алу жөнінде айтар болсақ, қазір бұл рәсімдер цифрландыру жүйесі арқылы жүргізіледі. Конкурс жөніндегі хабарландыру құзырлы мекеме сайтында, БАҚ құралдарында жарияланып, өтініштер қабылданады. Барлығы рәсім веб сайт арқылы ашық түрде өтеді. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың сөзінше, партияның қоғамдық қабылдауына өткен жылы жеті мыңның үстінде адам келген.
Жалпы тұрғындар бұл шараға баспана алу, денсаулық сақтауға қатысты, атаулы әлеуметтік көмек алу және басқа да мәселелер бойынша арыз-шағым, өтінішпен келуде. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, өткен жылы бұқара мен билік арасында өткен 84 кездесуде 15 мың батысқазақстандықтың мәселесіне құлақ түрілген.Ертең, яғни 15-ақпан күні сағат 10-да облыс әкімінің халық алдында қорытынды есеп беру кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр. Кездесуге келіп, сауал жолдап, жауап алуға құқығыңыз бар әлеумет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.