Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ашық әкімдік

c 16:53, 11/02/2020 c 451

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Шара барысында Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков және қала әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлімдер мен қызмет көрсетуші кәсіпорын басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.«Ашық әкімдік» - тұрғындардың көкейкесті мәселелерінің шешімін жедел, әрі тиімді жолмен шешуге бағытталған шара. Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, күні бүгінге дейін 27 мәрте кездесу өткізіліп, 2000-нан аса оралдықтың жеке мәселесі тыңдалып, 400-ден аса сұрақтың шешімі табылған. Ал бүгінгі кездесуде де әлеуетті әлеуметтік мәселелер толғандырды. Бұқара мен билік арасындағы алтын көпірге айналған «Ашық әкімдік» шарасы биылғы жылы алғаш рет өткізіліп отыр. Сала мамандарының айтуынша, әр кездесуден кейін арнайы комиссия тұрғындар көтерген проблемаларды жеке-жеке іріктейді. Және арнайы мониторинг жасалған. Күні бүгінге көтерілген мәселелердің 60 пайызы шешімін тауыпты. Бұл жолы да шаһар басшысының жеке қабылдауына келген халықтың қарасы көп. Деседе, БАҚ құралдарына уақыт тапқан әкім баспана, жәрдемақы, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру жәйі әлі күнге дейін өзекті болып отырғанын жасырмады. «Ашық әкімдік» шарасы Зачаганск кентінде, Деркөлде және Жастар шығармашылық орталығында, яғни 4 ауданда өтті. Халық алдындағы қала әкімінің қортынды есебі 12-ақпанда өтеді деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.