Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АРОН АТАБЕК ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН БАС ТАРТҚАН»

c 10:09, 03/12/2021 c 1147

0:00 / 0:00

15 жыл темір тордың арғы жағында отырып, өмірінің соңғы күндері бостандыққа шыққан ақын Арон Атабек дәрігерлік тексеруден бас тартқан. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев журналистер сұрағына жауабында осылай деді. Арон Атабек коронавирустан қайтыс болған еді. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, қазан айының басында "аса ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы" диагнозы қойылған. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартып,
жекеменшік емдеу мекемесінде жатып ем алған.24 қараша күні марқұмның жүрегі тоқтады.

Ақын, публицист, саяси және қоғам қайраткері марқұм Арон Атабек қазан айында денсаулығының нашарлауына байланысты бостандыққа шыққан болатын. Ол 2006 жылы Алматының "Шаңырақ" шағын ауданында орын алған жанжалда адамды кепілге алды, полиция қызметкерін өлтірді және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптармен 18 жылға бас бостандығынан айырылғанды. Алайда марқұм Атабек кінәсін мойындамады. Өмірінің соңғы кезінде денсаулығы күрт нашарлап, айқыпа ауруға шалдықты деп сот шешімімен ағымдағы жылдың қазан айында бостандыққа шыққан болатын. Бірақ Арон Атабектің бостандықтағы ғұмыры тым қысқа болды. Бр айға толмай өмірі үзілді. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшылығы Арон Атабектің өліміне қатысты пікірінде, оның түрмеде отырғанда медициналық тексерулерден үзілді-кесілді бас тартып келгенін айтты.

Атабек соңғы 15 жылын темірдің тордың арғы жағында өткізді. Ал марқұмды түрмеде ұрып-соқты, денсаулығына зиян келтірді деген пікірлерді генерал Аюбаев жоққа шығарды.

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше,Арон Атабекке қазан айының басында "аса ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы" диагнозы қойылған. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартып, жекеменшік емдеу мекемесінде ем алған. Бірақ жағдайы нашарлап, 24 қараша күні марқұмның жүрегі тоқтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.