Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арбаға танылған жандар үйден шыға алмай отыр

c 17:59, 28/04/2022 c 1057

0:00 / 0:00

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар үйлерінен көшеге, көшеден баспанасына кіре алмай әлек. Бірер жыл бұрын тапсырылған жаңа үйде арбаға таңылған жандардың қозғалысына ешбір жағдай жасалмаған. Арбамен жүретін жандар бөгде адамның көмегінсіз пандуспен төменге түсе алмайды.

Бұл-Сансызбай Қанатов. Ол- бірінші топтың мүгедегі. Кейіпкеріміз он бес жылдан астам уақыт пәтер кезегінде тұрып, жақында қоныс тойын тойлапты. Алайда, қарияның қуанышы көпке созылмады. Оған мемлекет берген арендалық үйде ешбір жағдай жасалмапты. Сансызбай мырза терезені ашу арманым,- дейді. Кейіпкеріміз бөгде адамның көмегінсізүйден көшеге шыға алмайды. Кіреберістегі есікті ашудың өзі мұң. Ал подъезд маңында орналасқан пандустың жағдайы сын көтермейді.

"Арба" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпакулова пандустардың стандратқа сай жасалмағанын айтады. Негізі пандустарда арнайы мүмкіндігі шектеулі жан ұстап шығатын тұтқа болуы шарт. Ал жаңа үйлерде жасалған пандустың тұтқасы қысқа.
Арбаға танылған жан төменге түсіп келе жатқан кезде жолға құлап қалуы мүмкін.

Ал әкімдіктің қызметкері жобалаушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайды ескере отырып, жобаны жасады. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті,- дейді. Және стандартқа сәйкес келмейтін пандусты ретке келтіреміз деп мәлімдеді.

Ал үйді салған мердігер компанияның өкілі ғимаратты жобаға сәйкес салдық,- дейді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі кедергіні бастан кешіп, он шақты жыл бойы пәтер кезегінде тұрып, ақырында үйлі болады. Осы жаңа баспаналарды салу барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың талабы мен ыңғайы ескеріле бермейтіні жасырын емес. Салынатын құрылыс пен жаңадан бой көтерген үйлерде олқылықтардың қашан және қалай орындалатынын да ешкім дөп басып айта алар емес!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.