Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үйлер сүрілуде

c 12:22, 17/07/2018 c 735

0:00 / 0:00

Евразия көшесіндегі 246-шы үйдің қабырғасы сөгіліп, төбесі тесіліп тұр. « Баспана бір күні үстімізге құлап қала ма» деген қорқынышпен жандарын шүберекке түйіп отырған тұрғындар үйдегі қиындықтарды жасырмайды.

Ольга Исмаилова
Соңғы екі жылда үй мүлдем нашарлап кетті. Есік те жабылмады. Қабырғалардың топырағы үгітіліп жатыр. Құбырлар жарыла береді. Суды да үш рет айырып, сусыз отырдық

Әкімдік өкілдерді бұл тұрғындарды көшіру жұмыстарының 1 тамыздан бастап қолға алынатынын жеткізді. Апатты үйдің иелері мемлекеттік жеке серіктестік аясында әзірге уақытша баспанаға көшіріліп, кейіннен су жаңа пәтерге ие болады.

Лилия Жаркова
біз қайда тұратымызды ойлап күн көріп жүрміз. Жасымыз келген кәрі адамбыз, сондықтан қай қабаттан пәтер алатынымыз да маңызды. Қазір екі бөлмелі үйде тұрып жатырмын

Қазір 300 оралдық тұрғын осында ескі, апатты үйлерде тұрып жатыр. Тозығы жеткен баспаналар ескі шаһарда жетерлік. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандарының айтуынша, биыл осындай 11 үйді бұзып, қайта салу жоспарлануда. Үй салумен қатар, оны абаттандыру да маңызға ие. Бұл жұмыстардың барысы қалалық әкімдік өкілдерінің тікелей бақылауында болмақ.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.