Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үйлер мәселесі шешілуде

c 16:48, 09/07/2020 c 705

0:00 / 0:00

Оралда осымен бірнеше жыл қатарынан мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ескі үйлер бұзылып, орнына жаңасы тұрғызылып жатыр. Облыс орталығында пандемияға қарамастан бұл бағыттағы шаралар жалғасын табуда. Айта кетер болсақ, қалада 41 апатты баспана бар.Мәселен, бірнеше күннен бері «Айталиева-2» және «Молодежная-1» мекенжайындағы қос қабатты екі үй сүрілуде. Орнына көп ұзамай су жаңа тұрғынжай бой көтеретін болады. Апатты үйлердің тұрғындары яғни, 24 отбасы уақытша баспанаға көшірілген. Аталған аумақта жұмыс жасап жатқан құрылысшылардың айтуынша, ескі үйді бұзу жұмыстары шамамен 20 күн ішінде аяқталатын болады. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға коммуникация желілері тартылып, салушы кәсіпорын бұрынғы иелерінің бір бөлігіне осы жерден баспана береді. Ал қалғандарын нарықтағы бағаға сатады.Өткен жылы 6 апатты үй сүрілген болса, олардың орнына бүгінде 3 көп қабатты су жаңа баспана бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары көп ұзамай аяқталатын болады. Жыл соңына дейін тағы екі мекенжайдағы тозығы жеткен үйлер жойылатын болады. Бүгінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында «Болашақ-Т», «Казхолл», «Альтайр», «СВС Батыс» ЖШС сынды 14 құрылыс компаниясы жұмыс жасауда. Алдағы уақытта қалада өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған барлық үйлер бұзылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.