Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты баспана

c 11:40, 25/06/2019 c 581

0:00 / 0:00

Орал қаласында орналасқан Чапайев көшесі 26 тұрғын үйдің төбесі құлады. Аталмыш ғимарат 1903 жылы салынған. Өткен ғасырдың басында бой түзеген нысан 2016 жылдан бері апатты деп танылыпты. Бүгінде 12 пәтерлік тұрғын үй құлаудың шақ алдында тұр.

Бұл, 1903 жылы іргетасы қаланған ғимарат. Кезінде аталмыш тұрғын үй Василий Иванович Чапайевтың ордасы болған. Бір ғасырдан астам қызмет жасаған нысан 2016 жылы апатты деп танылды. Бүгінде қауіпті тұрғын үйде бірнеше отбасы жан бағып отыр. Ертеректе, қабырғасы қаланған тұрғын үйдің тұрғындары күн сайын алаңдайтындықтарын жасырмайды.

Өткен жұмада аталмыш тұрғын үй дәлізінің шатырының  құлап түсті. Оқиға орынына дереу төтеншеліктер жеткен еді.

Қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылығының мамандары апатты тұрғын үйді сүріп, мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында жаңа баспана салу жоспарланып жатырғандығын жеткізді.

Чапайевтың ордасын паналап отырған тұрғындардың бұдан өзге барар жері жоқ. Бірінші кезекте, тұрғындардың дін-амандығы үшін апатты үйдің мәселесі өз шешімін тапса игі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.