Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ДІН БАСЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

c 10:14, 15/09/2022 c 1595

0:00 / 0:00

Елордада әлемдік дін басылары бас қосқан айтулы жиын өз жұмысын бастады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рим Папасы Франциск қатысты. Әлемде геосаяси ахуал өршіп, экономикалық дағдарыс орын алып жатқан сәтті дін басылары да сөзге тиек етті. Қазақ басшысы діндер лидерлерін әлемде бейбітшілікті сақтауға көмектесуге шақырды. Тоқаев саясаткерлер дауласқан кезде рухани көшбасшылар оларды бір-біріне жақындастыруға тырысып, бұған қарсы шығады. Бүгін адамзатқа конфронтация жағдайынан шығатын жолды көрсете алатын рухани көшбасшылардың диалогы өтіп жатыр, - деп атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес әрдайым шиеленісті бейбіт жолмен шешкенді құп көретінін айтты.

Өз кезегінде Рим Папасы Франциск дін көшбасшылары әлемде шешілмей жатқан қақтығыстарды доғару үшін сабырға шақырып, өз үлесін қосуы керек екенін айтты. Понтифик кедейлік басты қауіпке айналғанын, зорлық-зомбылық өршіп, терроризмді тоқтату мүмкін болмай тұрғанын сөзге тиек етті. Рим Папасы жер бетінде экономкиалық сұраныстарды қанағаттандыру үшін ғана өмір сүрмей, рухани әлемді байыту қажет дейді. Сондай-ақ, ол әлемде орын алып отырған қақтығыс, соғыс бейбіт жолмен шешілуі тисі деді. Қарудан гөрі, білімге ден қоюға шақырды Понтифик. Қазақтың Ұлы ақыны Абайдың сөзімен сөйлеген Рим Папасы жан тіршілігін рухпен ұштастыру керек, - деді.

ФРАНЦИСК –РИМ ПАПАСЫ «Абай діни ұғымдарының арқасында халықының рухындағы діни түсініктерді жеткізді. Ол барлық жан-тәнімен лайықты адам болу даналығын ұсынды. Мен әртүрлі өзімнің тәжірибелеріммен бөлісуге дайынмын. Біз жер бетіндегі өзіндік сұраныстарымызды, экономикалық сипаттағы сұраныстарымызды қанағаттандыру үшін ғана өмір сүрмейміз. Біз өмірбойы өзіміздің аспан астындағы көзқарасымызды кеңейтеміз. Бізге көптеген сұрақтарға жауап іздеу керек. Бізге рухани әлемді байыту қажет. Абай айтқандай, жан тіршілігін рухпен ұштастыру керек"

Климаттың күрт жылынуы, орман өрті, теңіздердің деңгейі шамасынан шығуы, өзен мен көлдердің құрғауы сынды экологиялық өзгерістер болып жатыр. Сондай-ақ соңғы кездері басымыздан өтіп жатқан менмендіктен жасалған саяси іс-қимылдар бар. Олар да экономикалық тұрғыдан өте үлкен нұқсан келтіріп отыр деді өз сөзінде Әл-Азһар Жоғарғы имамы Ахмад Ат-Тайеб.

АХМАД АТ-ТАЙЕБ – ӘЛ-АЗҺАР ЖОҒАРҒЫ ИМАМЫ «Бұл адам ешқашан ойламаған экономикалық дағдарысқа алып келіп отыр. Тіпті, нанның жетіспеуіне алып келді. Бейбіт халықты құрту, оларды өз елінен, жерінен қуып шығу сияқты келеңсіз жайттар орын алуда. Адам өркениетті өз қолымен жасап, өзі құртып жатыр. Адам мұндай қылмысқа бармауы үшін, қасиетті дүниеге қол сұқпауы үшін бірлік қағидатын ілгерілету керек. Ізгілік негізі әрдайым сақталған еді. Қазір бұл қасиет діндерге де нұқсат келтіріп отыр».

Жалпы екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм және тағы басқа дін өкілдері, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мүшелері қатысып жатыр. Еске сала кетейік, 2001 жылы Рим Папасы Иоанн II Павелдің Қазақстанға мемлекеттік сапары болған еді. Араға 21 жыл салып Рим Папасы Франциск елімізге келді. Бүгін Понтифик елордада месса өткізіп, оған 3 мыңға жуық адам қатысуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.