Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛАКӨЛДЕ 4 ДЕМАЛЫС ОРНЫ ЖАНЫП КЕТТІ

c 19:53, 05/07/2022 c 1282

0:00 / 0:00

Алакөл жағасындағы өрт салдарынан 4 демалыс орнына қарасты 17 ғимарат жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 3000 шаршы метрді құрады. Адам шығыны жоқ. Тек 7 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, өрт «Керуенә демалыс орнынан бастау алған. Екпінді жел мен ауа райына байланысты, ғимараттардың жақын орналасуына байланысты, тез жанғыш материалдардан салынғандықтан өрт лезде тарап кеткен.

4 шілдеде 23 сағат 20 минутта Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты. Алакөлдің жағасында қамсыз демалып жатқан туристер айтып келмейтін апаттың құрбаны бола жаздады. Көл жағасында 4 бірдей демалыс орнына қарасты 17 ғимарат жанып кетті. Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілес база әп-сәтте отқа оранды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Құтқарушылар тілсіз жаумен таңға дейін күресті. 5 шілдеде таңғы 05 сағат 40 минутта өрт жойылды. 3 мың шаршы метр аумақ жанып кетті. Өрт Керуен демалыс орнынан бастау алған. Екпінді жел мен ауа райына байланысты, ғимараттардың жақын орналасуына байланысты, тез жанғыш материалдардан яғни ағаштан салынғандықтан өрт лезде тарап кеткен. Сондай-ақ, құрғақ шөп қоса жанған

Алакөл жағасындағы өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан 200-ге жуық құтқарушы жұмылдырылды. Адам шығыны жоқ, жеңіл жарақат алғандар тіркелді.

Дәл қазір аталған демалыс орындарында қанша турист болғаны белгісіз дейді төтеншеліктер. Олар бірден қауіпсіз орындарға эвакуацияланған. Өрттің орын алуына байланысты арнайы комиссия құрылды. Бизнес субьектілерінің нақты шығыны есептеліп жатыр. Бүгінде жаз айларында қазақстандықтар жиі барып демалатын Алакөл маңында 300-ден астам демалыс орны бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.