Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" премьер-лигадағы кездесулерін Ақсай қаласында өткізеді

c 18:15, 25/01/2018 c 657

0:00 / 0:00

Орал қаласының "Ақжайық" футбол командасы енді премьер-лигадағы кездесулерін облыс орталығында емес, Ақсай қаласында өткізетін болды. Себебі жергілікті алаң тиісті талаптарға сай келмейтін көрінеді. Биыл "Ақжайық" футболшылары маусымдық ойынды 400 млн. теңге бюджетпен бастағалы отыр. Қазір Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жүрген жерлестеріміздің қажеттілігінің  тек тең жартысын бұл қаражат әзер жабады.

Биыл "Ақжайық" командасын жаңа маусымға украиндық бапкер Владимир Мазяр әзірлеп жатыр. Ойыншыларды командаға қабылдау кезінде жергілікті футболшыларға басымдық берілмек. Премьер-лига талаптарына сай шетелден келген 8 ойыншы ғана команда құрамына енуіне рұқсат бар. Айта кетейік, былтыр "Ақжайық" футбол клубындағы негізгі команда мен 7 шағын командалар жұмысына 4 млдр. теңгеден аса қаражат бөлінген болатын.

Биыл "Ақжайық" футбол клубының алаңы кездесу өткізуге жарамсыз деп танылып, жасанды төсенішті ауыстыру қажеттігі туындап отыр. Оның үстіне биыл клуб саттыққа қойылған. Бастапқы бағалау бойынша құны 2,5 млн. теңгеге бағаланған. Бірақ әзірге футбол клубын иемденуге қызығушылық білдіргендер табылмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.