Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайық өз алаңында жеңіске жетті

c 16:52, 22/04/2019 c 937

0:00 / 0:00

 "Ақжайық" пен "Ақтөбе-Жас" арасындағы Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының 3-тур ойынын Ақсай қаласындағы "Қарашығанақ" спорт кешенінің алаңында өтті. Жергілікті аяқ доп шеберлері қарсыластарын шаң қаптырып жеңіс тұғырынан көрінді.  Есеп 2:0 жерлестер өз алаңында жеңіске жетті және қарсыластар қақпасына енген 2 доп та жанкүйерлердің айызын қандырды. Бұған дейін тыста ойын өрнегін көрсеткен аяқ доп шеберлері қарсыластарының қақпасынан саңылау  таппай биылғы чемпионттың қос ойынында сәтсіздікке бой берген еді. Ойын басталған сәттен Ақжайықтықтар белсенді шабуылға көшті. Осылайша 11 минутта  Даниел Кочнив  "Ақтөбе-Жас" командасының қақпасын  нысанаға алды.  Сәтті шабуыл нәтижесінде зырлап ұшқан теңбіл доп жібек тордан бір-ақ шықты. Есеп — 1:0. Бұдан соң  Ақтөбелік футболшылар қаншама әрекеттенгендерімен бірінші таймда  жерлестеріміздің тас түйін қорғанысына қарсы ештеңе ойлап таба алмады. Тіпті олар тағы бір гол өткізіп үлгерді.  Бұл ойынның 88 минуты еді. Гол авторы - Арман Смайлов. Келесі ойын сәуірдің 28-ші жұлдызынада тыста өтеді. Жерлестерге сәттілік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.