Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" футболшылары ел чемпионатының 14 турында ұтылып қалды

c 17:57, 18/06/2018 c 701

0:00 / 0:00

Кездесу жерлестеріміздің өз алаңында Атоян стадионында өткен болатын. Бұл жолғы қарсылас - Алматылық "Қайрат" командасы. Ойын нәтижесінде есеп 2:1-мен қонақтардың пайдасына шешілді.

Футбол ойынының жанкүйерлері ең қызуқанды саналады. Елдегі прмьер лига ойыншыларының кездесулерін қалт жібермейтін қолдаушылар бұл күні де алаңнан табылды. Алғашық есепті қонақтар ашты. Андрей Аршавин жерлестеріміздің қақпасынан саңылау тауып, бір ұпайды еншісіне жазды. Екінші таймда Иво Иличевич есепті еселесе, "Ақжайық" сапынан Малик Мане бір голдың авторы атанды. Осылайша кездесу 2:1 есебімен Алматылық Қайраттың жеңісімен аяқталды.

Осы кездесуден соң Оралдық аяқ допшылар турнир кестесінің 6шы орнына жайғасты. Қазір "Ақжайық" футбол клубында ойыншылардың жетіспеушілігі байқалып отыр,-дейді бапкер. Айта кетейік, 23 маусымда "Ақжайық" Шымкенттің "Ордабасы" командасына қарсы өнер көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.