Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" футбол командасы жеңіске жетті

c 17:57, 16/07/2018 c 739

0:00 / 0:00

Ел чемпионатының премьер-лигасында жерлестеріміз Петропавлдың "Қызылжар" командасын қабылдаған болатын. Есеп 2:0-мен аяқталып, "Ақжайық" турнир кестесінің 5-ші орнына көтерілді.

"Ақжайық" пен "Қызылжар" арасындағы кездесу сенбі күні сағат 19:00-де басталды. Сондықтан жергілікті жанкүйерлерге таңдау жасауға тура келді. Олай дейтініміз бұл сәтте әлем чемпионатында Бельгия мен Англия арасындағы кездесудің қызған шағы болатын. Ал Оралдықтар үшін ала доптың тартысын Атоян алаңынан тамашалауға мүмкіндік болды. Алғашқы сәттен қарсыластың тойтарысына дес бере білген жерлестеріміз басымдықтарын көрсетті. 2-ші минутта Малик Мане есепті ашса, 2-ті таймда да сұрмерген қонақтар қақпасына тағы бір допты дәл көздеді. Нәтижесінде кездесу 2:0 есебімен "Ақжайық" аяқ допшыларының пайдасына аяқталды.

"Ақжайық" ел чемпионатының премьер-лигасы аясындағы кезекті кездесуін 21-шілде күні, сенбіде "Атырау" командасына қарсы өткізеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.