Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" допты хоккейде қарсыласын ойсырата жеңді

c 18:48, 13/02/2018 c 885

0:00 / 0:00

Бүкіл Ресейлік допты хоккей жарысына қатысып жатырған Оралдың "Ақжайығы" осы маусымда өз алаңындағы соңғы кездесуін өткізді. Бірінші ойында Верхний Уфалейдің "Никельщик" клубына қарсы өнер көрсеткен жерлестеріміз, қонақтарды ойсырата жеңген еді.

Кездесулер алдын ала хабарланғандай "Стеновик" мұз айдынында өтіп жатыр. Бірінші кездесуде алаң иелері қонақтарды біраз тықсырып, ойынды 8:3 есебімен аяқтады. Ал екінші матчта да Оралдықтар жеңістің туын желбіретті. Ойын бойы басымдықпен алда келе жатқан "Ақжайық" 5:2 көрсеткішімен қарсыласынан озып, турнир кестесінің 4-ші орнына көтерілді.

"Ақжайық" құрамында бірнеше голдың авторы атанған Максим Өтебалиев Ресейдегі додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен болатын. Маусымдық ойын нәтижесі бойынша бұл жерлестеріміздің 8-ші жеңісі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.