Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайық Атырауды жеңді

c 15:35, 24/03/2021 c 880

0:00 / 0:00

Өз алаңында Атыраулық команданы қабылдаған Ақжайық клубы қарсыластарын жеңіп, командаға алғашқы жеңісті сыйлады. Премьер лиганың алғашқы ойынын жеңіспен бастаған футболшыларымыз алдағы кездесулерде де намысты қолдан бермеуге тырысамыз дейді. Премьер-лиганың алғашқы ойынында Қостанайдың "Тобылына" есе жіберген жерлестеріміз өз алаңында Атыраулық командамен кездесті. Екі жылдық үзілістен кейін кіл мықтылардың ішінен ең мықтылары анықталатын тартысты дода эпидемиологиялық ахуалға байланысты жанкүйерлерсіз өтті. Дегенмен футбол десе делебесі қозатын жанкүйерлер алаң сыртында жүріп-ақ, сүйікті командаларына қолдау білдірді. Осылайша 1:0 есебімен Атыраулықтар "Ақжайыққа" есе жіберді.
КТМ: Негізінен қарсыластардың жерлестерімізді жеңуге мүмкіндіктері болды. Бірнеше мәрте Ақжайықтық футболистердің командасынан саңылау іздеген Атыраулықтар шабуылы есепті теңестіре де, еселей де алмады. Команда жаттықтырушысы болса, бұл жеңісті жалғастыруға барынша күш салатындарын жеткізді.Сөйтіп, "Ақжайық" командасы кестеде 6-шы орынға табан тіреді. Келесі ойын 4-ші сәуірде қонақтарда. Бұл жолғы қарсылас Шымкенттің "Ордабасы" командасы

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.