Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақылы жолдар

c 16:18, 25/11/2020 c 680

0:00 / 0:00

БҚО-да республикалық маңызы бар тас жолдарды ақылы жасау туралы ұсыныс талқыланды. Республикалық маңызы бар жолға жауапты "Қазавтожол" Ұлттық компаниясының қызметкерлері жаңашылдықты баяндап, ақылы жол үшін тек жүк көліктерін тізгіндеген жүргізушілер ақы төлейді деп бұқара халыққа жаңашылдықты жан-жақты түсіндіріп бақты.

БҚО қарасты Орал-Ақтөбе, Орал-Саратов пен Самара жолдарында да ақы төлету мәселесі талқыланды. Ұлттық компанияның қызметкерлері облыстың жолдары 2-3 санаттағы болғасын ақыны тек жүк көліктерін тізгіндеген жүргізушілер төлейді,-дейді.

Ұлттық компания қызметкерлерінің жаңашылдығын мұқият тыңдаған Азамат Мусилов облыстың қандай жолдары Еуро5 стандарттарына сәйкес келеді деп мамандарды сұрақ астына алды. Және жүргізуші ақылы жолдар бойынша қатынайтын көліктерге арналған жағдай жоқ деп, әжетхана мен жүк көліктері бұзылса жөндейтін эстокаттың қанша данасы бар деп сұрады. Оралдық белсенді Қазавтожолдың қыста тас жолды қар құрсауынан тазартатын қанша көлігі барын білмек болып, арнайы көліктің аздығынан жүргізушілердің жолда түрлі машақат тартып жүргенін жеткізді.

Әзірге мамандар тас жолдар ақылы болған кезде жүргізушілердің қанша ақы төлейтінін анықтайтын тарифті бекітпепті. Қазақстан бойынша жолдарды ақылы жасау үрдісі 2013 жылдан басталды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан мен Щучинкс қаласын жалғайтын бірінші категориялы жол ақылы. Тақтайдай тас жолда қатынау үшін жүргізушілер әрбір шақырымы үшін 5 теңгеден басталатын ақы төлейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.