Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім Ғали Есқалиев Ержан Максимді қабылдады

c 16:32, 04/12/2019 c 585

0:00 / 0:00

БҚО - ның әкімі Ғали Есқалиев жақында Польшада өткен «Junior Eurovision» 2019 байқауында екінші орынды қанжығалаған Ержан Максимді қабылдады. Қабылдау барысында аймақ басшысы Ақжайық жұрты өнерлі өреннің жеңісіне қуанғанын, ол үшін жанкүйер болғанын атап өтті. Биыл оралдық әнші күллі Еуропа елдерінің кішкентай өнерпаздары бақ сынаған додаға қатысып, өнерлерін ортаға салды.Байқауда қазылар алқасы Ержанның өнерін жоғары бағалап, 1-ші орын берді. Алайда, дауыс беру барысында Польшалық әнші байқаудың бас жүлдесін қанжығалады. Бүгінде талай сахнада ән шырқап жүрген жас әнші Ержан Максим Мәскеуге қоныс аударып, әйгілі компазитор Игорь Крутойдың мектебінде тәлім алуда. Ол аталмыш мектепте бес жыл бойы білімін жетілдірмек. Әншінің анасы облыс халқы мен әкімдікке алғысын білдірді. Жас әнші туған жері Орал қаласы мен Польшада концерт беруді жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.