Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ жолдықтар" шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

c 18:05, 22/02/2022 c 458

0:00 / 0:00

БҚО-на арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев мен Мақсат Раманқұлов облыс орталығындағы шағын және орта бизнестің өкілдерімен кездесті. Депутаттар "Демек" қоғамдық бірлестіктің жұмысымен танысты.

Аймаққа жұмыс сапарымен келген мәжілісмендер шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесті. "Демеу" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Біржан Қожақов елордадан келген меймандарға өз жағдайын баяндап айтып берді.

Жергілікті кәсіпкер пандемия кезінде кәсібін жүргізу қиын болғанын айтады. Мәселен, бұрындары ол 35 адамды жұмыспен қамтып отырса, қазір жұмысшылардың саны 10-ға жетпейді. Бизнес субъектісі локдаун мен тапсырыстың жоқтығынан қызметкерлердің санын қысқартуға тура келді дейді. Біржан Қожақов кәсібін дөңгеленту үшін түрлі құрылғыларды сатып алу қажетін, ал шағын кәсіп иесінің құны қымбат станоктарды сатып алуға шамасы келмейтінін атап өтті. Керек-жарағына қол жеткізу үшін тіпті несие берілмейтінін айтады.

"Ақ жол" партиясының депуттаттары кәсіпкерлерге тиісті сертификаттарды алуда қиындықтар барын жасырмады. Бизнес субъектісі индустриалды сертификатты алу үшін шамамен 1 млн 200 мың теңгедей қаражат төлеу керек екен. Орал қаласына табан тіреген ел ағалары кәсіпкердің жан айқайын биік мінберлерде көтеруге және несие беруде кепілдік беру мәселесін қарастыруға өз үндерін қосуға атсалысатындарын атап өтті.

Облыс орталығына келген "Ақ жол" партиясының парламент мәжілісіндегі депуттаттары химиялық өндірістік компанияның жұмысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжілісмендер агрария мен ветеринария саласы мамандарымен кездескен болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.