Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ Жол" партиясынан көмек

c 18:13, 08/09/2020 c 392

0:00 / 0:00

Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері "Шаңырақ" жастар үйінде тұрып жатыр. Олардың көпшілігі бүгінде балалы-шағалы. Араларында бірең-сараңы ғана мемлекеттен баспана алған. Қалғандары болса пәтер кезегінде тұр. Жиын барасында нәзік жандар партия мүшелеріне өздерінің проблемаларын айтып қалды. Кездесу соңында "Шаңырақ" тұрғындарының бүлдіршіндеріне сыйлық ретінде оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері табысталды.
«Шаңырақ» жастар үйінің директоры баспана табу ең өзекті мәслеле екенін атап өтті. Ғимарат өткен ғасырда салынған және ұзақ уақыттан бері қайта жөндеуді талап етеді.
Ақжол партиясының өкілдері көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен жандарға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Бүгінгі шара соның бір көрінісі ғана.
Жиын соңында естелік суретке түскен шараға қатысушылар біз үшін ең маңыздысы -бөбектердің күлкісі мен балалардың бақыты дейді. Ел болашағы болар жас өреннің тағдыры бұдан кейін де Ақжолдықтардың назарынан тыс қалмақ емес.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.