Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ жол" ҚДП БҚОФ кезекті қайрымдылық шарасын өткізді

c 18:27, 04/04/2018 c 886

0:00 / 0:00

Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі балаларға көңіл бөлген партия өкілдері "Сити центр" ойын-сауық орталығындағы кинотеатрда тегін көрсетілім ұйымдастырған болатын. Шараның өтуіне "Мейірім" мүгедек балалар мен олардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігі өз үндерін қосты.

"Ақжол" ҚДП БҚОФ үнемі қайрымдылық шараларына зор көңіл бөледі. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын тыңдап, қолдан келгенше көмегін көрсетуден аянып қалған емес. Бұл жолғы шарада тірек-қимыл жүйесі зақымданған балалар мен олардың ата-аналарына көңіл бөлген партия өкілдері бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар тарту етіп, қызықты мультфильм көрсетті.
Қам көңіл жандардың жүрек жарды алғысы мен балалардың қуанышына бөленген "Ақжол" партиясы алдағы уақытта да мұндай жұмыстар жалғасын табатынын мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.