0:00 / 0:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы Батыс Қазақстанда талқыланды. Еңбекке Президенттің соңғы отыз жылдан астам уақыттағы мемлекеттік қызметі мен өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптасқан ой-тұжырымдары топтастырылған. Жайық жұртшылығы бас қосып, кітаптағы негізгі мәселелерді ортаға салды. Кітаптың мазмұны мен көтерілген мәселелер туралы толығырақ әріптесім Альбина Сейдоллақызы тарқатады.










