Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Абайлаңыз, балалар!" акциясы жалғасуда

c 18:08, 25/09/2019 c 940

0:00 / 0:00

Орал қаласының №26 ЖОББМ-тің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өткен акцияға тәртіп сақшылары ойыншықтар театрын шақырды. Қойылым балаларды көшеде өзін қалай ұстау керектігіне және өз бетінше жол қозғалысы қатысушысы болуға үйретіп, жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығын оқушыларға сұрақ-жауап сайыстарын ұйымдастыру арқылы түсіндірді. Белсенділік танытқандарға сыйлықтар да ескерілді.

Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында БҚО-ы биылғы жылды "Қауіпсіз жол жылы" деп жариялады. Аталған акция шеңберінде "Абайлаңыз, балалар!" атты акция қыркүйек айы бойына жүргізілмек. Осы уақыт аралығында 3 мыңға жуық мектеп оқушысы жолдан өткен кезде мұқият әрі сақ болуды үйренген. Жоба аясында учаскелік полиция қызметкерлері «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігімен үлкен бірлестікте ілкімді шаралар ұйымдастыруды жалғастырып келеді.

Жалпы, сала мамандарының берген мәліметінше, ағымдағы жылдың 8 айында батыс өңірде жаяу жүргінші балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 20-ға жуық бала зардап шегіп, 1 нәресте қайтыс болған. Көлік құралын бірден тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жолдан өткен кезде мұқият әрі сақ болуды, жолдан тек жаяу жүргіншілер өтпесі көрсетілген жерлерден, қиылыста бағдаршамның жасыл сигналы арқылы өту қажеттігін полиция қызметкерлері еске салады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.