Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Абай күні

c 16:37, 10/08/2020 c 543

0:00 / 0:00

10 тамыз – Абай күні Орал қаласында кеңінен атап өтілді. Ертемен Абай даңғылынан бастау алған іс-шараға жиналған көпшілік шаһардың бас даңғылындағы қазақтың ұлы ақынының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.Құттықтау сөз алған өңір басшысы Ғали Есқалиев ұлы Абай осыдан бір жарым ғасыр уақыт бұрын өмір сүрсе де, оның шығармашылығы бүгінгі уақытпен де үндесетінін жеткізді. Қазақтың ақын қызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева «Абай күнінің» айрықша маңызына тоқталып,  бұл ұлттық мерекені әр адам қастерлеуі тиіс екенін атап өтті.Ұлы ақынның шығармашылығына да кезек беріліп, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі Айбар Қайырханов – «Желсіз түнде жарық ай», №32 орта мектеп оқушысы Таисия Костина «Көзімнің қарасы» әндерін орындады.Бұдан әрі мерекелік шараға жиналған жұртшылық қазақтың дана ойшылының қарасөздері жазылған архитектуралық нысанның маңына ойысты. Ұлы ақынның 18-ші және 38-ші қарасөздері жазылған мұндай ескерткіш тастарды алдағы уақытта Абай даңғылына көптеп қою жоспарланған. Мүсіншілер дайындаған мұндай архитектуралық нысандардың қатарын әлі де көбейтеміз. Ұлы ақынның мерейтойына арналған іс-шаралар мұнымен шектелмейтініне сенімді.Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылған Абай даңғылы тұрғындардың демалыс орнына айналды. Жазушылар мұнда келушілер тынығып қана қоймай, ұлы қаламгердің тастарға қашап жазылған қарасөздерін ойларына тоқи жүретін болады дейді.БҚО тілдерді дамыту басқармасы да жыл бойына Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай іс-шаралар жоспарын дайындаған. Айта кеткен жөн Еуразия даңғылына Абай есімін беру туралы зиялы қауым өкілдерінің ұсынысы республикалық ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапқан.

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.