Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АӘК жаңа форматта

c 16:58, 08/01/2020 c 495

0:00 / 0:00

5 қаңтардан бастап ҚР Парламентінің қос палатасына облысымыздан сайланған депутаттар өңірге келіп, жұмыс сапарларын бастады. Осы уақыт ішінде халық қалаулылары жаңа жылдан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылу бастамасын назарға алды. Білім ұйымдары қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен жүздесті. Сондай-ақ көпбалалы аналармен кездесіп, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы пікірлерін тыңдады. Депутаттардың өңірдегі жұмыс сапары 14 қаңтарға дейін жалғасады. Бастау алған жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген жаңашылдықтың бірі - атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы. Көпбалалы аналар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен болған кездесуінде балаларға арналған жәрдемақы мәселелері, қабылданған заңдардың өңірде жүзеге асуы, нәтижесі туралы сөз болды. Енді мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну. Екіншісі, аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Үшіншісі, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну.
Жаңа формат бойынша кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалы отбасыларға табыстарына қарамастан жәрдемақы тағайындалатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Асқар Қожымовтың мәліметінше, 7200 көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындалып, 5 қаңтардан бастап төлем жасау басталған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев түсіндіріп өткендей1 қаңтарға дейін жаң форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті алуға 14 473 отбасы жүгінген.Жаңа форматтың үшінші бағыты бойынша АӘК алушы отбасылардың балалары тамақ гигиеналық заттар, мектеп формасы, оқу құралдары сынды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі. Жиынға ұатысқан бірнеше баланың анасы АӘК-тің отбасы үшін жақсы көмек болғанын айтты. Жиынды қорытындылаған депутаттар өңірде билік пен халық арасындағы диалогтың берік орныққанын, азаматтық қоғамның өз ойларын ашық жеткізгендерін атап өтті. Сондай-ақ депутаттар Парламент қабырғасында қабылданған басқа да заңдарға тоқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.