Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімі өтеді

c 16:46, 17/05/2021 c 614

0:00 / 0:00

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау салтанатын өткізуге рұқсат берілді. Ал облыс мектептері бұл рәсімге дайын екендерін жеткізді.Соңғы қоңырау 25 мамырда офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ, санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау рәсімі ата-аналардың қатысуынсыз ашық аспан астында өткізілген болатын. Мәселен, Оралдағы №1 ЖББОМ-тен биыл 61 түлек қияға ұшатын болады. 2020-2021 оқу жылында облыс бойынша мектептерде 111 мыңға жуық оқушы білім алды. Олардың 6 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты тәмамдайды. Оның ішінде Орал қаласы мектептерінен 2367 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды. Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жолдап, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. Биыл 11 сынып оқушыларының мектеп бітіру кезіндегі мемлекеттік емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. 12 маусымға дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.