Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні

c 18:24, 03/06/2021 c 720

0:00 / 0:00

Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің белгісі. Еліміз­дің тұңғыш рәміздері - ту мен елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған Конституциялық Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтіледі. Биыл да мемлекеттік рәміздер күні мерекелік шарамен басталды. "Менің қазақстаным" атты салтанатты шараға қатысқан облыс басшысы Ғали Есқалиев тәуелсіз мемлекетіміздік рәміздерін ерекше қадірлеп, қастерлеуге шақырды.
Шара барасында Ұлттық ұлан сарбаздары мемлекеттік туды ортаға әскери шерумен әкеліп, мемлекеттік әнұран ойналды. Өңір басшысы атаулы дата қарсаңында әскерилер мен полиция қызметкерлерін ерліктері үшін марапаттады. Олардың қатарында толғағы басталған әйелді дереу аурухана жеткізген офицерден бастап, қалтасына суық қару жасырған күдіктіні ұстаған әскерилер де бар.
Мерекелік шараға арнайы келген Ибрагим Ескендір көк тудың желбірегені әнін орындап, жиналған қауымды бір рухтандырып алды. Жалпы, мемлекеттік рәміздер күні аясында облыста бірнеше ірі шара жоспарланған. Атап айтқанда, автошеру, квест ойындары және бірнеше мерекелік концерт ұйымдастырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.