Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО 1000 - ға жуық адам екпеден бас тартып отыр.

c 17:23, 05/02/2019 c 761

БҚО 1000 - ға жуық адам екпеден бас тартып отыр.Адамдарды екпеден бас тартуларына түрлі себептер бар.Кейбірі екпенің сапасына күмәнмен қараса , екіншілері екпені салу ислам дініне қайшы, шариғат талаптарына келмейді дейді.Осы бағытта Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов БҚО орталық мешітінде болып, жұма намазына жиналған жамағтапен кездесті.Кездесу барысында екпенің пайдалы тұстары туралы лекция оқылды. Бұл жұма намазына жиналған жамағт.Бүгін осы жерде БҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінң басшысы Құрманов Жайдар жамағат алдында екпенің ислам дініне еш қайшылығы жоғын айтып дәріс оқыды.
Бүгінде БҚО бойынша 1000- ға жуық адам жұқпалы ауруларға қарсы екпені алмай отыр.Олардың көбі әрине балалар.Екпеден бас тартатындардың көбі ислам діні екпеге қайшы, екпе алу шариғат заңына қарсы деп сылтау айтады екен.Бірақ департамент басшысы халық алдында басқа мысал келтірді.Мәселен қажылыққа барар сапарда тиісті екпе салынбаса ол елге кіргізбейді адамдарды.
ҚР бойынша 21 жұқпал ауруға қарсы екпе салынады.Олардың ішінде қызылша ауруы да бар.Қазір республика бойынша қызылша ауруы тіркеліп жатыр, бірақ біздің обылста әзірге тіркелмеген.Айта кетейік екпелер балаларға тегін жасалады.
Жамағтпен кездесу, түрлі насихат жұмыстарын жүргізудің нәтижесі болады.Мәселен, 2018 жылы осындай түсінік жұмыстарының нәтижесінде 128 ата - ана райынан қайтып балаларына екпе салдыртыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.