Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

№33 ЖББОМ жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі

c 15:08, 29/06/2021 c 467

0:00 / 0:00

Оралдағы №33 ЖББОМ жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары мәлімдеді. Қазір нысан құрылысының 70 пайызы аяқталған. Барлығы 10 мектептің құрылысы басталған. Бүгінде жұмыстары қарқын алып, барлығы мыңға жуық адам еңбекпен қамтылған. Осы он білім беру нысанының төртеуі облыс орталығындағы мектептер. Атап айтқанда жергілікті және республикалық бюджет есебінен-2, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» МБ -н 4, жергілікті бюджет есебінен-2 және жеке инвестор есебінен 2 нысан бой көтеруде.  Ал жергілікті бюджет есебінен салынып жатырған білім ошақтары осы кезге дейін апатты деп танылғандар. Олар - Казталовтағы Сарықұдық ауылындағы мектеп пен Оралдағы №33 ЖББОМ. Қаладағы Ет комбинаты ауданында екі жылдан бері құрылысы жүріп жатырған 300 орындық №33 мектеп ғимаратының құрылысы алдағы тамыз айында пайдалануға тапсырылуы керек. Құрылыстың бас мердігері бірер ай бұрын жұмыс кестесінен сәл қалыс қалғанымен, қазіргі кезде барлығы жоспарға сай екен. Нысан уақытында тапсырылмақ. Өңірде 5 үш ауысымда жұмыс жасайтын және 7 апатты мектеп бар. Айта кеткен жөн, биыл Президент тапсырмасына сай өңірдегі барлық білім беру орындары дәстүрлі білім беру форматымен жұмысты жалғастыратын болады. Мемлекет басшысының тапсырамасына орай бүгінде дайындық шаралары толықтай қолға алынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.