Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

47 жылын бала емдеуге арнаған дәрігер

c 11:04, 22/10/2018 c 657

0:00 / 0:00

БҚО, Зеленов ауданының тұрғындары көп жылдан бері бүлдіршіндердің өмірін ажалдан аман сақтап келе жатқан білікті дәрігер, балалар хирургиясының негізін қалаушы Болат Қанапияұлы Женалаевпен кездесті. Медицина саласында өзіндік ісін қалыптастырған Болат Қанапияұлы Зеленов ауданына қарасты Асерчево ауылында дүниеге келіпті. Аудан орталығында ұйымдастырылған кездесу Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласының аясында іске асып отыр.

Еліміздегі балалар хирургиясының негізін қалаған Болат Қанапияұлы Зеленов ауданының орталығында болып, аудан тұрғындарымен кездесті. Тағылымды кездесу Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында іске асты. Саналы ғұмырының 47 жылын бала емдеуге арнаған дәрігер 1948 жылы Зеленов ауданына қарасты Асерчево ауылында дүниеге келген. Ол өткен ғасырдың 65-шы жылдары Переметный мектебін аяқтап, Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық институтына оқуға түседі. Болат Қанапияұлы-түрлі жылдары білімін шыңдап, отандық медицинаның дамуына үлес қосқан жанның бірі. Ол туған жерге келіп, аудан тұрғындарымен кездескеніне қуанышты екендігін жеткізді.

Саналы ғұмырын дәрігерлікке арнаған жанмен кездесу үшін келген аудан халқы оның көпке өнеге болатын өмірін айтып, еңбекқорлығына сүйсінді.

Зеленов ауданының тұрғындары көп жылдан бері медицинаның дамуына үлес қосып келе жатқан білікті дәрігерге жүрек жарды тілектерін айтып, алғыс хатты табыстап, қазақы дәстүр бойынша шапан жапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.