Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

3,2 МЛН. АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН

c 17:51, 16/09/2022 c 2160

0:00 / 0:00

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қор жүйесі енгізілгелі қазақстандықтар тарапынан түсіп жатқан шағым көлемі аз емес. Айлығынан қорға аударып отырған жарнасының пайдасын көре алмай жатқандар да бар. Дәрігерге барып тұрып, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылмай қалғандар жоқ емес. МӘМС-ке төлем аудару барша қазақстандықтар үшін міндетті болып табылатынына қарамастан, шамамен 3,2 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған. Қор басшысының мәлімдеуінше, МӘМС жүйесіндегі медициналық ұйымдардың жұмысынан 11,8 млрд теңгенің кемшілігі анықталды. Кемшіліктердің басым бөлігі консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін мекемелерде орын алып отыр дейді Айдын Ашуев. Мысалы, 1 қызмет көрсетілсе, 3 қызметті төлеуге ұсынған.

АЙДЫН АШУЕВ – МӘМС ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Қор сарапшылары жалпы сомасы 214,2 млн теңгеге медициналық қызмет көрсетудің 28,6 мыңы расталмағанын анықтады. Бұдан бөлек, қор проактивті мониторинг енгізді және оны 2 жыл бойы жүргізіп келеді. Онда анықталған бұзушылықтарға айыппұл санкциялары қолданылмайды. Оларды 45 күн ішінде жоюға мүмкіндік беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жойылмаған кемшіліктер бойынша сомалар төлемнен алынады»

Қазақстанда медициналық сақтандыру 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Сақтандыру қоры басшыларының айтуынша, өткен жылы қорға түскен түсім көлемі 806 млрд теңгені құраған. Ал биылғы жылдың тоғыз айында 604 млрд теңге түскен. Жыл соңына дейін қор есебіне 907 млрд теңге түседі деген болжам бар. МӘМС жүйесі енгізілгелі амбулаториялық қызметтер мен жоспарлы операцияларды күту уақыты едәуір қысқарды. Қымбат тұратын зерттеулер, КТ, МРТ медициналық көрсетілімдері еліміздің барша азаматтары үшін қолжетімді болды. 2020 жылға дейін бұл тек әлеуметтік тұрғыда осал 8 санатқа ғана тиесілі болатын. Алайда тегін қызметті кезекке тұрып ұзақ күтуге тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.